«Туған өлкеңді тани біл» жас ғалымдардың аймақтық ғылыми оқулары

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен  «Рухани қазына»  кіші бағдарламасының

жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Туған өлкеңді тани біл» Аймақтық

Ғылыми оқулардың

ЕРЕЖЕСІ

6 - 8 қараша, 2018 ж.

 

I. Конференцияның негізгі мақсаттары мен тапсырмалары.

Ғылыми оқулар жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік және шығармашылық қызметін дамыту, оларды туған жерінің табиғи және тарихи-мәдени мұраларын зерттеуге тарту  және табиғатты қорғау мәселелерін шешуге  практикалық қатысу; туған өлке тарихын, табиғатын және мәдениетін зерттеуге қызығушылық танытқан студенттерді анықтау және қолдау; жұмыс тәжірибесі мен шығармашылық байланыстарды орнату мақсатында өткізілед

II.  Ұйымдастырушылар.

Ғылыми оқулар Ақтөбе облыстық планетарийі «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының» ММ, «Ақтөбе облысының білім басқармасының» ММ қолдауымен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен бірлесіп  өткізеді.

III. Өткізілетін уақыты мен орны.

1.Ғылыми оқулар 2018 жылдың 6-8 қараша аралығында өткізіледі.

2.Ғылыми оқуларға қатысу туралы өтініш және орындалған ғылыми жұмыстардың (жобалардың) электронды нұсқаларын 2018 жылдың 15 қазанына дейін аktobeplanet@mail.ru электронды поштасына немесе Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 50А мекен-жайына әкелу керек.

3.Жіберілген жұмыстарды (жобаларды) сараптағаннан кейін қатысушыларға ғылыми оқуларға қатысуға шақырулар жіберіледі. Ұйымдастырушылар өздеріне қойылатын талаптарға сай келмейтін қатысушылардың жұмысынан бас тартуға құқылы.

4.Бағдарламаның өткізілу барысы:

            6 қараша - Қатысушылардың келуі және тіркелуі, қаламен танысуы.

            7 қараша – Салтанатты  ашылуы. Ғылыми оқулардың өтуі.

            8 қараша - Жабылуы, қорытындылау және қатысушыларды  марапаттау.

5. Ереже, Ғылыми оқулар бағдарламасы және барлық ақпарат Облыстық  планетарийінің   сайтында орналастырылады.

Тапсырыс үлгісі 

Қатысушының
аты-жөні

Оқу орнының атауы

Бағыты 

Жұмыстын атауы

   Жетекшінің      аты-жөні, байланыс тел.

 

 

 

 

 

 

IV. Қатысушылар.
Ғылыми оқуларға қатысуға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан жалпы орта білім беретін және дарынды балаларға арналған мектептердің, гимназия, лицей және қосымша білім беру мекемелерінің 10-11 класс оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының І-ІІ курс студенттері  шақырылады.
Басқа облыстан келген қатысушылар жетекшімен  бірге жүруі керек. Жетекшілерсіз келген қатысушылар ғылыми оқуларға жіберілмейді. 
Ғылыми оқуларға қатысушылар үшін жетекшілер жолда, қатысу барысында қауыпсіздігіне толығымен жауапты болады. Ғылыми оқуларға қатысуға шақыру алған қатысушылар  3 күн ішінде Ұйымдастырушыларға  Ақтөбе қаласына келу және кету  күні мен уақытын ескертуі тиіс. Ұйымдастырушылар басқа облыстан келген қатысушыларды 2018 жылдың  6 қарашасы сағат 12:00-ден  8 қараша сағат 18.00-ге дейін жатар орын және 3 мезгілдік тамақпен қамтамасыз етеді.

 

 V. Қатысу талаптары.

1.Ғылыми оқуларға қатысу үшін ғылыми мақаланы (жобаны) ұсынылған бағыттар бойынша дайындау қажет:

- туған өлкеде ғарыштық құбылыстардың әсерінен пайда болған табиғи объектiлер;

- туған өлкеде  қорғауға алынған табиғи объектілер;

- киелі жерлер георгафиясы;

- ғылыми оқулары тақырыбына сай басқа бағыттардағы жұмыстар да рұқсат етіледі.

2. Әрбір қатысушы таңдалған бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын (жобаны) орындауға тиіс, жұмыс тақырыбы көрсетілген макеттер, диаграммалар, сызбалар, фотосуреттер мен бейнематериалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

3. Ашылу салтанатында әділ-қазы мүшелері, мұғалімдер мен жетекшілерге баяндама жасауға мүмкіндік беріледі. Баяндамашы алдын-ала Ұйымдастырушыларға баяндамасын тапсыруы керек.

4. Әділ-қазы және құрметті қонақ ретінде ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындарының, мемлекеттік мекемелердің өкілдері шақырылады.

5. Жұмысты жазудың негізгі талаптары.

-жұмыстың титул парағында оқу орнының атауы, қатысушының аты-жөні, жетекшісінің аты-жөні, жұмыстың тақырыбы көрсетіледі.

-жұмыстың негізгі бөлігі кіріспе, негізгі бөлік, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы тиіс.

-А4 форматта, 14 кегель; жоларалық интервал 1,0; Times New Roman шрифті; KZ Times New Roman; көлемі 8-10 басылған бет.

- презентация PowerPoint бағдарламасында орындалады (5-7 минуттан аспайды);

-  иллюстрациялық материал А4 форматындағы 3 беттен артық емес (қосымша).

Қосымша: Көрнекті немесе қолданбалы материалдар (сызбалар, сызбанұсқалар, суреттер, слайдтар, фото және бейне материалдар) қатысушының қалауы бойынша.

VI. Конференция қорытындысын анықтау.

Нәтижелерді анықтау кезінде төмендегі жұмыс критерийлері ескеріледі:

1. ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзектілігі мен маңыздылығы;

2. іздену және зерттеу сипаты, мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

3. жиналған және ұсынылған материалдардың толықтығы мен сенімділігі;

4. жұмыстың практикалық маңыздылығы;

5. материалды еркін меңгеру, сөйлеу мәдениеті және жалпы эрудиция;

6. материалдың сауатты көркемделуі.

Үздік жұмыстарды ұсынған қатысушылар 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломмен және естелік медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, қазылар алқасы  ынталандыру орындарын дипломмен  марапаттайды.

Барлық сұрақтар бойынша: Ақтөбе қ., Жанқожа батыр к-сі 50А, тел/факс: 8(7132) 21-13-22, 40-42-14 е-mail: аktobeplanet@mail.ru ,Облыстық планетарий.

Координатор Шанова Гульнур Асылбековна: 8 705 478 8646.

 

Ақтөбе облыстық планетарий директор м.а: Б.Т.Мустафина